AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы тұрғындарды алаяқтардан сақ болуғ...

Алматы полициясы тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Заң мен тəртіп 23.08.2022, 09:45 1,048
Алматы полициясы тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады
Сурет: Polisia.kz

Қаланың криминалдық полициясы қарқын алып келе жатқан алаяқтық түріне баса назар аударды.


Алматы полициясы өздерін банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстыратын алаяқтардың азаматтарды қалай алдайтыны жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Оның тізбегі мынадай: жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметіненбіз деп таныстырады және оның атына несие алу әрекеті болғандығы туралы хабарлайды. Оларды шоттарда ақшаның бар-жоғы да қызықтырады. Егер жәбірленуші бұл әңгіменің растығына күмәнданса, банктің жалған қызметкерлері қазір тәртіп сақшыларының хабарластындығын айтады. Содан кейін әңгімеге жалған полиция қызметкері кірісіп, өзін департаменттің немесе прокуратураның бастығымын деп таныстырады, осы қызметтердің қазіргі басшыларының аты-жөнін (мәліметтері мен қызметтері интернетте еркін қолжетімді) атайды және несие рәсімдемек болған алаяқты ұстау үшін азаматтық борышын өтеуді табанды түрде сұрайды. Ол үшін қоңырау шалушы шоттардағы бар қаражатты шешіп алып, оларды банктің қауіпсіз шотына жіберу қажет екенін хабарлайды. Содан кейін ол сыйақы алу үшін нақты деректері мен карталарын сатып жіберген, ҚР-ның азаматтарына тиесілі, карта деректемелерін береді. Ал жәбірленуші бұл арада өз жиған-тергеніне қорқып, алаяқтардың ықпалына түсіп, нағыз қылмыскерлердің соңынан еріп, оларға өз қолымен ақша жібереді», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Спикердің айтуынша, қаскөйлер жәбірленушіні осы арнайы іс-шараның тиімділігіне сілтеме жасай отырып, бірнеше банктен несие алуға көндіретін сценарийдің сәл басқаша түсіндірмесі де бар. Кейбір жәбірленушілер бұл тек ресми қажеттілік екеніне және полицияға шынымен көмектесетініне сенімді бола отырып, бірнеше күн бойы алаяқтардың талаптарын орындайды.



«Сонымен қатар, жалған қызметкерлер “арнайы іс-шараға қатысушыға” бұл туралы біреуге хабарлауға қатаң тыйым салады. Шын мәнінде бұл психологиялық трюк әрқашан тез бағдарлана алмайтын және болып жатқан жағдайды байсалды бағалай алмайтын қарт адамдар үшін жақсы жұмыс істейді. Егде адамдар өте сенгіш, сондықтан олар көбінесе алданып қалады. Құрметті жерлестер! Сіздерден сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Күмәнді қоңырауларға және бейтаныс адамдардың сізге айтатынына сене бермеңіз», – деді Қ.Науатов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #Алаяқтар #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);