AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы полициясы толғатқан әйелді перзентханаға же...

Алматы полициясы толғатқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Әлеумет 06.02.2025, 14:55 1,002
Алматы полициясы толғатқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді
Сурет: Polisia.kz

27 жастағы келіншектің толғағы үйінде басталған. Ері жедел жәрдем шақырмай, әйелін перзентханаға өзі жеткізбек болған.

Алайда, олар Ащыбұлақ ауылынан шыға берісте кептелісте бөгеліп қалған. Момышұлы мен Ақын Сара қиылысында қобалжыған жүргізушіге «Буран-002» экипажы келген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Отағасы полициядан келіншегін ауруханаға дейін жеткізіп беруін өтінген.

«Полиция сержанты Ғалымжан Постанов пен Әміржан Есенбаев ойланбастан көлігінің дабылын қосып, «Хонда» жүргізушісіне артынан еріп отыруын айтқан. Келіншек 5 минутта №3 перзентхананың алдына жеткізілді. Әйел аман есен ұл бала туды. Екеуінің де жағдайы жақсы», - деді қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының полк командирі Манап Саттаров.

Әке атанған азамат келесі күні тәртіп сақшыларын іздеп тауып келіп алғысын білдірген.

«Полицейлердің шұғыл қимылдауының арқасында батыр туды. Жақында сержанттар Есенбаев пен Постанов олардың халін біліп шығады», - деді полковник Саттаров.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп #перзентхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);