ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы сақтандыру алаяқтары туралы ескер...

Алматы полициясы сақтандыру алаяқтары туралы ескертті

Заң мен тəртіп 03.10.2022, 10:00 1,167
Алматы полициясы сақтандыру алаяқтары туралы ескертті
Сурет: Polisia.kz
Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтың айтуынша, азаматтар жиі алаяқтардың құрбанына айналып, сақтандыру төлемдерін беру қызметін рәсімдеуді “делдалдарға” сеніп...

Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтың айтуынша, азаматтар жиі алаяқтардың құрбанына айналып, сақтандыру төлемдерін беру қызметін рәсімдеуді “делдалдарға” сеніп тапсырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Осыған байланысты, біз бұл қызметті алу тәртібі мен ережелері туралы хабарлаймыз және азаматтарды кейде біреудің қайғысынан пайда тапқысы келетін үшінші тұлғаларға сенбеуге шақырамыз. Тәжірибеде, өкінішке орай, мұндай эпизодтар біршама», – дейді Шәріпов.



“Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі №446-II Заңының нормаларына сәйкес, 1) Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша жауапкершілігінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіште):1) жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн өлім – 2 000, мүгедектікті анықтау: бірінші топ – 1 600; екінші топ – 1 200; үшінші топ – 500; мүгедектігі бар бала – 1 000; мүгедектік белгіленбестен жарақаттанса немесе денсаулыққа өзге де зақым келтірілсе – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығын мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайды;


2) бiр жәбiрленушiнiң мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ 600-ден аспайды; 3) екі немесе одан да көп жәбiрленушiнiң мүлкiне бiр мезгiлде келтiрiлген зиян үшiн келтiрiлген зиян мөлшерiнде, бiрақ әрбiр жәбiрленушiге 600-ден аспайтын мөлшерде. Сонымен қатар, барлық жәбірленушілерге төленетін сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 2 мыңнан аспауы керек. Шығынның мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі мүлкіне келтірілген залалға қарай сақтандыру төлемінің дәрежесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.


2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген, қайтыс болуына немесе мүгедектiгiне әкеп соққан зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерiнде жүзеге асырылады.


3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес белгiленген айлық есептiк көрсеткiш қолданылады. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда жәбiрленушiнi жерлеудi жүзеге асырған адамға сақтандырушы жерлеуге кеткен шығындарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.