AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы қалта ұрыларын қолға түсірді

Алматы полициясы қалта ұрыларын қолға түсірді

Оқиға 11.03.2022, 15:15 1,386
Алматы полициясы қалта ұрыларын қолға түсірді
Сурет: Tengrinews.kz

Олар №7 және №57 деген екі бағытта жүрген.


Алматы полициясы қалта ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


30 және 31 жастағы ер адамдар қалалық қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген. Олар №7 және №57 деген екі бағытта жүрген. Негізінен әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан, ал ер адамдармен байланыспаған.



«Қаскөйлер айғақтармен ұсталды. Қарбалас уақытта әйел адам біреудің оның телефонын қалтасынан шығарып алғанын байқайды. Ол айқайлай бастайды. Күдіктілер қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Алайда екеуі де ұсталып, айғақ ретінде ұялы телефон тәркіленсе, автобуста орнатылған бейнебақылау камерасының деректері де бұлтартпас дәлел. Олар ұрлық дерегін тәркіледі. Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз», – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.



Спикердің айтуынша, ұсталғандардың екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Бірі дәл қалта ұрлығымен айналысса, екіншісі пәтер ұрысынан «қалта ұрысына» ауысқан.


Полиция қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына үндеу салды. Осы азаматтардың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға шақырады: 8-775-117-00-06; 8-747-133-84-44.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ұры #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);