ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчі ал...

Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчі алдында маңызды мәлімдеме жасады

Алматы 29.09.2025, 15:38 437
Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчі алдында маңызды мәлімдеме жасады
Aqshamnews.kz
Алматы полициясы 30 қыркүйекте УЕФА аясында өтетін алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы халықаралық футбол матчы үшін толық дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz...

Алматы полициясы 30 қыркүйекте УЕФА аясында өтетін алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы халықаралық футбол матчы үшін толық дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

 Бұл оқиға бүкіл қала үшін нағыз спорт мерекесіне айналып отыр және қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше назар аударуды талап етеді.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданған. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 2,5 мыңнан астам қызметкер тартылады. Негізгі міндеттері - жанкүйерлер мен ойынға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысын реттеу.

"Құрметті алматылықтар, мегаполис қонақтары! Ертең біздің қаламыз үлкен оқиғаның аренасына айналады - халықаралық "Қайрат – Реал Мадрид" футбол матчы өтеді. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерді қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл біз үшін тек спорт мерекесі ғана емес, Алматының шынайы бейнесін - қонақжайлықты, құрметті және жоғары мәдениетті көрсететін мүмкіндік", - деді Алматы қаласы ДП Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Құқық қорғау органдарының өкілі матч өтетін күні қозғалысқа ішінара шектеулер енгізілетінін атап өтті. Билік өкілдері тұрғындардан жолдарды алдын ала жоспарлауды, уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және көше мен көлікте, стадионда тәртіпті қатаң сақтауды сұрайды.

"Команданы қызу қолдайық, бірақ мәдениетті түрде. Бірге тазалықты сақтап, бір-бірімізге және қонақтарымызға құрмет көрсетейік. Жауапты мінез-құлық - Алматы мен бүкіл елдің имиджіне қосқан үлесіміз", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, алматылық "Қайраттың" алдағы қарсыласы мадридтік "Реал" футболшылары Алматыға келді. Олардың келуі футбол жанкүйерлері үшін үлкен оқиға болды: әуежайда қарсы алуға жиналған жанкүйерлер мен журналистер аты аңызға айналған ойыншыларды көруге асықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.