конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы мопедпен жүретін курьерлерді «Сер...

Алматы полициясы мопедпен жүретін курьерлерді «Сергек» арқылы бақылайды

Заң мен тəртіп 31.03.2023, 14:28 1,157
Алматы полициясы мопедпен жүретін курьерлерді «Сергек» арқылы бақылайды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Жыл басынан бері Алматыда мопедтердің кесірінен 199 жол-көлік оқиғасы болған.


Полиция мопедпен ереже бұзатын курьерлерге айыппұл салу тәсілін тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мегаполисте мопедтердің қатысуымен жол оқиғалары жиілеп кетті. Оған қоса, курьерлер ережені сақтамайды, шлем тақпайды, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетеді. Осыдан кейін алматылық полицейлер жеткізу қызметтерінің өкілдерімен кездесіп, нақты шараларды қолға алуға келісті. Меморандумға да қол қойылды.


Sergek Development компаниясының өкілі Нұрбол Әміржанның айтуынша, пилоттық жоба бойынша курьерлікпен айналысатын барлық компаниялардың жеткізу қызметкерлері туралы ақпарат енгізілген арнайы база жасақталады.



"Әр жеткізу қызметінің өкіліне жарықпен шағылысатын номер тағайындалады. Сол номер арқылы оның қозғалысы "Сергек" камераларымен қадағаланады. Жоба жол-көлік оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді", - дейді Әміржан.



Пилоттық жоба әзірге профилактикалық мақсатта қолға алынды. Қазіргі таңда мопедтерге қатысты тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу қарастырылуда. Заң күшіне енген соң, талап та күшетіледі.



"Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 615-бабының нормалары бойынша біз оны оларды әкімшілік жауапкершілікке тарта аламыз. Олар мопед деген ұғыммен емес, жол жүру қозғалысына басқа да қатысушылар деген ұғыммен. Негізі заңнама күшейтіледі қазіргі таңда міндетті түрде. Мопедтерді бөлек көлік құралы етіп санайды, сондықтан, мопедті тізгіндеген азаматтар міндетті түрде өз көлік құралын тіркеуге қою керек және жол жүру куәлігін иемденуі тиіс", - деп атап көрсетті полицяның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #Сергек #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);