AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен...

Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты туралы айтты

Заң мен тəртіп 07.11.2023, 05:36 1,240
Алматы полициясы мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты туралы айтты
Сурет: Polisia.kz

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 355 адам жарақат алған, деп Almaty-akshamy.kz 



«Мопедтерді пайдаланумен байланысты негізгі қауіптердің бірі – олардың жылдамдығы мен қуатының жоғарылығы. Мопедтің цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын болса және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден асса, ол жолда айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл мопедтер жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне әкелетін ауыр жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін. Қазіргі уақытта жастар арасында баламалы көлік түрлері танымал болды. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы жүр, сәйкесінше, бұл фактор жалпы жол-көлік оқиғаларының деңгейіне кері әсерін тигізуде», – дейді Алматы қалалық ПД ІСКБ арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Дәурен Мырзаханов.



Мырзахановтың айтуынша, жолдағы қайғылы оқиғалар тоқтар емес. Өткен аптада Алматыда адам өліміне әкелген апат болды.



«Мопедтердің жұмысына байланысты мәселе бір күнде шешілмейді. Қаламыздың жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мопед иелері мен жалпы жұртшылықтың біртұтас күші қажет. Бұл жолдағы алғашқы қадам – әрбір жол қозғалысына қатысушының өз жауапкершілігін сезінуі. Мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын», – деді Дәурен Мырзаханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мопед #Жол апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);