AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды

Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды

Оқиға 28.02.2022, 07:57 1,978
Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды
Сурет: Polisia.kz

Синтетикалық есірткі шығаратын цех "Қалқаман" шағынауданындағы жеке үйдің жертөлесінде жұмыс істеген.


Белгілі болғандай, үй өткен жылдың қазан айында жас жігітке жалға берілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек түріндегі заттарды, химиялық заттар салынған пластик ыдыстарды, сұйықтықтары бар колбаларды, электронды таразыларды және басқа да құралдарды тәркіледі. Есірткі шығаруға жауапты – 23 жастағы О.есімді азамат. Толық емес медициналық білімі бар жас жігіт есірткі өндірісін жолға қойған. Барлығы есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр “шөптің” салмағы шамамен 160 грамм, ақ – 500. Бұл дайын өнім және оны дозаға сай орау керек болды. Жертөледен табылған сұйық, кристалды және ұнтақ күйіндегі заттардың барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #цех #синетикалық есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);