AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы - Өскемен ақылы тасжолы Қонаевтың сыртына а...

Алматы - Өскемен ақылы тасжолы Қонаевтың сыртына ауыстырылады

Әлеумет 14.04.2023, 21:13 1,122
Алматы - Өскемен ақылы тасжолы Қонаевтың сыртына ауыстырылады
Сурет: Ашық дереккөз

Ұсынылған жоба бойынша маршрут қазіргі жолдан батысқа қарай 10-12 шақырымға жылжытылады


Республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен бағытын Қонаев қаласынан тыс шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы облысы сәулет басқармасы бас жоспар және аумақты дамыту басқармасының басшысы Айдос Күнесбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Айта кетейік, қазір бұл бағыттың бір бөлігі – Алматыдан Талдықорғанға дейін ақылы.


А3 тасжолы Қонаев қаласының дәл ортасынан өтеді. Бұл жолдың бойында казино мен ойын залдары орналасқан. Бірақ бұл тасжол Қонаевтың жаңа бас жоспарына сәйкес келмейді.



"Біз Алматы-Өскемен тасжолы бойында орналасқанбыз. Жолды жылжытуды, яғни тасжолды қала сыртына жылжытуды ұсынып отырмыз. Бұл жүрдек магистраль болғандықтан, норма бойынша қалада бұған жол берілмейді. Бұрыннан бар жолдың мақсаты өзгереді, ол жаңа "Іле" шағынауданына апарады. Қазір бұл республикалық маңызы бар, А3 санатындағы жол. Ауыстыру бойынша ұсыныстар беріп жатырмыз", – деді Күнесбаев.



Ұсынылған жоба бойынша маршрут қазіргі жолдан батысқа қарай 10-12 шақырымға жылжытылады. Қазіргі бағыт жергілікті жолға айналады.



"Осы жол арасына қалалық нысандарды орналастыруды көздеп отырмыз. Бұл аумақтарда әзірге ештеңе жоқ. Магистраль бойында әскери нысандар мен қоймалар бар, бірақ болашақта оларды да көшіру ұсынылып отыр", – деді Алматы облысы сәулет басқармасының бас жоспары және аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев.



Сонымен қатар, теміржол да қала сыртына жылжытылады, ол да қазір Қонаев арқылы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қонаев қаласы #Ақылы жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);