AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы онкологиялық орталығы Қазақстанда алғаш бол...

Алматы онкологиялық орталығы Қазақстанда алғаш болып жаңа буынның позициялау жүйесін енгізді

Алматы 13.07.2026, 15:43 448
Алматы онкологиялық орталығы Қазақстанда алғаш болып жаңа буынның позициялау жүйесін енгізді

Бұл жүйе сәулелік терапияның дәлдігін арттырып, онкологиямен ауыратын пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Алматы онкологиялық орталығында Қазақстанда алғаш рет ExacTrac Dynamic Brainlab жаңа буынның позициялау жүйесі енгізілді.

Жаңа жүйе әртүрлі орналасқан ісіктерді, соның ішінде бас миындағы ісіктер мен көптеген метастаздарды емдеуде қолданылады. Емдеу сеансы барысында ол пациенттің дене қалпын, тіпті тыныс алуға байланысты кішігірім қозғалысты да үздіксіз бақылап отырады. Қарапайым тыныс алу кезінде пациенттің қалпы өзгерсе, жүйе сәулелендіруді автоматты түрде тоқтатады. Бұл жоғары сәуле дозасын ісікке барынша дәл бағыттауға, ал айналасындағы сау ағзалар мен тіндерді қорғауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде емнің тиімділігі артып, пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға ықпал етеді.

Алматы онкологиялық орталығында күн сайын шамамен 100 алматылық сәулелік терапия курсынан өтеді.

Алматы онкологиялық орталығының сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Евгений Ишкининнің айтуынша, жаңа жүйені енгізу жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытудағы маңызды қадам болды.

«Бұл жүйе рентгендік, оптикалық және термалды 3D-визуализацияны пайдалана отырып, пациенттің дене қалпын алты координат бойынша үздіксіз бақылайды. Тіпті, тыныс алуға байланысты аздаған қозғалыстың өзі емнің дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қандай да бір ауытқу анықталған жағдайда сәулелендіру автоматты түрде тоқтатылады. Бұл жоғары сәуле дозасын ісікке барынша дәл жеткізуге, сау тіндерге түсетін сәулелік жүктемені азайтуға және емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Евгений Ишкинин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкологиялық орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);