AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының жолдарында жаяу жүргіншілерге арн...

Алматы облысының жолдарында жаяу жүргіншілерге арналған бес жерүсті өткелі салынды

Әлеумет 11.04.2023, 21:01 1,428
Алматы облысының жолдарында жаяу жүргіншілерге арналған бес жерүсті өткелі салынды
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңа жасанды қондырғыларда пандустар және арнайы платформалар бар


Алматы облысында орналасқан «Алматы-Бішкек» және «Алматы-Шелек-Қорғас» күре жолдарында бес жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері «Алматы-Бішкек» тасжолының 23, 24, 28, 45 шақырымдары және «Алматы-Шелек-Қорғас» күре жолының 33 шақырымында пайда болды.


Жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында Құмтоған, Алмабалық, Қасымбек, Бәйтерек елді мекендері және Керуен автостанциясы орналасқан. Құрылыс барысында ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай жасауға баса көңіл бөлінген.



«Жаңа жасанды қондырғыларда пандустар және арнайы платформалар бар. Ал жаяу жүргіншілердің ыңғайы үшін баспалдақтардың үстінде арнайы шатырлар қарастырылды. Сонымен қатар түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды. Жаңа типтегі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің қызмет ету мерзімі кемінде 15 жыл», - деп хабарлады ұлттық компанияда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаяу жүргінші #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);