AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Алматы облысының бір ауылында тұрғындар 100 пайыз...

Алматы облысының бір ауылында тұрғындар 100 пайыз екпе алды

Жақыныңа жанашыр бол! 04.09.2021, 07:04 2,354 Almaty-akshamy
Алматы облысының бір ауылында тұрғындар 100 пайыз екпе алды
Cурет: Almaty.kz

Тұрғындар толықтай вакцина алып, қатерлі дертті тоқтатуға өз үлестерін қосуда. 


Алматы облысында Ескелді ауданында бір ауылдың тұрғындары 100 пайыз екпе алды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қоңыр ауылдық округінің тұрғындары толықтай коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл жерде 1050 адам тұрады. 80-ге жуық тұрғын денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Тағы 400-і, кәмелет жасқа толмаған балалар. Ал, қалған 570 ауыл тұрғыны, COVID-19-ға қарсы толықтай вакцина алып, қатерлі дертті тоқтатуға өз үлестерін қосуда. Ауыл мұғалімдері де екпені толықтай алды. Олар оқу жылын сәтті бастап кетті. Қоңыр ауылындағы орта мектепте 210 оқушы білім алып, 75 мұғалім қызмет етеді. Жалпы айтқанда, оқу орны жеткілікті көлемде жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген. Күнделікті, кабинеттерде дезинфекция жүргізіліп, сабақтарда балалар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киіп отырады. Жалпы, Ескелді ауданы бойынша 23600 адам вакцинациялауға жарамды, оның 13600-і коронавирустық инфекцияға қарсы екпені толықтай алды. Бүгінгі күнге, тұрғындардың 57 пайызы вакцинацияланған. Халықты вакциналау үшін Қарабұлақ, Алдабергенов, Ақын Сара және Бақтыбай ауылдарында 4 екпе кабинеті жұмыс істеуде. Қосымша бір жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. Қажет болған жағдайда, ауданның басқа ауылдарындада қосымша 6 егу кабинетін ашуға мүмкіндік бар. 
Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі апта бұрын Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылдық округінің тұрғындары коронавирусқа қарсы екпені толықтай алған болатын. Айта кетейік, бүгінгі күні облыста вакцинаныі бірінші бөлігін 678 876 адам салдырды, ал екінші компонентті 559 368 тұрғын қабылдады. Соңғы тәулікте, облыс бойынша коронавирусқа шалдығудың 282 жағдайы тіркелді. Індетті өсу қарқыны- 0,6% құрап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #екпе #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);