ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Алматы облысының әкімі Өзбекстан елшісін қабылдады

Алматы облысының әкімі Өзбекстан елшісін қабылдады

Әлем 31.01.2023, 11:41 1,127
Алматы облысының әкімі Өзбекстан елшісін қабылдады
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 167,8 миллион АҚШ долларын құраған.

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 167,8 миллион АҚШ долларын құраған.


Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жиын барысында агроөнеркәсіптік кешен, сауда, көші-қон және жастар саясаты саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.



«Біз үшін мемлекет басшыларының тату көршілік пен өзара сыйластыққа адалдығын көрсететін қарым-қатынасы үлгі бола алады. Азық-түлік кластері арқылы өзбек бизнесмендерімен аймақтық бизнес-форум өткізуге дайынбыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.



Аймақ басшысының айтуынша, 2022 жылы Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 167,8 миллион АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 110,8 миллион АҚШ долларын, импорт – 57,1 миллион АҚШ долларын құраған. Бүгінгі таңда облыстың негізгі экспорттаушылары сүт өнімдерін, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары болып табылады.


Әкімнің айтуынша, егер біздің облыс өзбек диқандарынан ерте шыққан көкөніс пен жеміс-жидек өнімін сатып алса, күзге қарай Өзбекстан бізден ауыл шаруашылығы тауарларын алады.


Өз кезегінде Төтенше және Өкілетті Елші 2018 жылы Алматы және Ташкент облыстары арасында келісімдер болғанын және қазір келісімдерді жаңарту қажеттілігі туындап отырғанын, бұл ретте Өзбекстанның басқа облыстарының әкімдерімен де өңіраралық қатынастарды одан әрі дамыту үшін осыған ұқсас бірқатар іскерлік кездесулер өткізуге болатынын атап өтті.


Осыған байланысты елші Өзбекстанда өтетін бизнес-форумға Алматы облысынан делегация жіберуді ұсынды.


Кездесу барысында ЕАЭО мүмкіндігін ескере отырып, өңірге бизнесті тарту факторы болып табылатын Алматы облысының көлік-логистикалық әлеуеті талқыланды.


Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Саидикрам Ниязқожаевты өңірді одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.


Кездесу соңында тараптар сауда-саттықты одан әрі арттыру мақсатында бизнес-қоғамдастықтың кездесуін өткізуге келісті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,286 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.