Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы Шелек ауылының маңы қоқыс далас...

Алматы облысындағы Шелек ауылының маңы қоқыс даласына айналып барады

Әлеумет 26.01.2023, 16:42 1,882
Алматы облысындағы Шелек ауылының маңы қоқыс даласына айналып барады
Сурет: Ашық дереккөз

Прокуратура мерзімі өтпей жатып қоқыстан табылған дәрілерге де қатысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді.


Экологиялық апат. Кезінде аудан орталығы болған Алматы облысындағы Шелек ауылының маңы қоқыс даласына айналып барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Тұрғындардың айтуынша, ластанған аумақ қоршаусыз жатқандықтан, белгісіз адамдар мұнда келіп көрінген затты төгіп кетеді. Тұрмыстық қоқыс қана емес, медициналық қалдықтарды да, тіпті жануар өлексесін де тастайды екен. Ал оны қаңғыған иттер кеміріп, кейде ауыл ішіне тасиды



«Қоқыс алаңы қоршалмаған. Ешқандай белгі де қойылмаған. Ол жер асты суымен ауылдарға барады. Бәрі сол суды ішіп отыр. 4-5 малым бар еді, өлді», – деді Шелек ауылының тұрғыны Ерқанат Байжарасов.



«Қаладан шыққан қоқысты полигонға әкеліп, төгеді. «Қайдан келдің?» деп сұрағанымызда, жүргізушілер қаладан келгенін айтқан», – деді Шелек ауылының тұрғыны Нұрмұхамед Мұхамеджан.


Қоқыс даласына айналған аумақта төгілген мына қара сұйықтықтың не екенін дөп басып айта алмаймыз. Алайда тұрғындардың сөзіне сенсек, одан келер зиян көп. Ал жердегі қоқыс  шашылып жатыр. Айта кетсек, қоқыс басқан аумақтың иесі бар. Ол азамат ЖШС ретінде дәл осы қалдықтарды өңдеу сынды қызмет көрсетуі тиіс болған. Мұны өздері де мойындап отыр.



«Шелекте қоқыс төгетін арнайы орын жоқ. Ең жақыны Талғар ауданында орналасқан. Біз инвестициялық бағдарлама арқылы қоқыс өңдеу полигонын салуға өтініш бердік. Яғни, медициналық қалдықтарды өртейтін арнайы пеш қойдыру жоспарда бар. Алайда жерге иелік етуге рұқсатты 1 жыл бұрын ғана алдық. Енді іске көшу үшін экология комитетінің жауабын күтіп отырмыз», – деді  «Балис» ЖШС атқарушы директоры Олжас Тойшыбеков.



О баста мәселені 1 жыл ішінде реттеймін деп сөз берген кәсіпкер мекемеден жауап қашан келетінін білмейді. Алматы облыстық экология департаментінің өкілі болса, мораторийге байланысты дәйексіз тексеру жүргізе алмайтынын айтты.



«Президенттің Жарлығына сәйкес, кіші және шағын бизнеске тексеру тоқтатылды. Комитет рұқсат берген жағдайда, ары қарай прокуратураға тіркеуге жібереміз. Ал тіркелсе, департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады», – деді облыс бойынша экология департаментінің бөлім инспекторы Данияр Өмірбеков.



Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында аудандық прокуратураға да бардық. Құзырлы орган өкілдерінің дерегінше, тиісті мекемелер тексеру жұмыстары бойынша жауапты 30 қаңтарға дейін беруі керек.



«Жер «Балис 2007» ЖШС-ға инвестпроект бойынша берілген. Сол инвестпроект бойынша жобаның іске асу заңдылығын тексеріп жатырмыз», – деді Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары Айдос Жұмабаев.



Прокуратура мерзімі өтпей жатып қоқыстан табылған дәрілерге де қатысты тексеру жүргізетінін мәлім етті. Заттай айғақ ретінде алынған қораптар экспертизаға жолданбақ. Айта кетсек, Алматы облысының өзінде 355 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, біразы ретке келтірілгенімен, әлі де тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #Шелек ауылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25

Ауа райы болжамы: елордада аяз, Алматыда күн жылынады

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.