Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы саяжайларға елді мекен атауы бе...

Алматы облысындағы саяжайларға елді мекен атауы беріле бастайды

Әлеумет 30.05.2022, 17:02 1,139
Алматы облысындағы саяжайларға елді мекен атауы беріле бастайды
Cурет: Inform.kz

Алматы облысындағы саяжайларға елді мекен статусын беретін механизм іске қосылады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Алматы облысында саяжайлық бірлестіктер мен бау-бақша серіктестіктеріне елді мекен статусын беретін механизм іске қосылып, Алматы аймағында тұратын 183 мыңнан астам адамның аса өзекті мәселесінің шешілуіне септігін тигізеді. Облыс бойынша барлығы 705 саяжайлық алқап бар. Сондықтан саяжай мәселесі күн өткен сайын өзекті бола түсуде. Оны тиімді жолмен шешу 135 саяжайы бар Еңбекшіқазақ ауданы үшін де маңызды. Осы ауданның тұрғындары қойған сауалдарға жауап берген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев саяжайдағы инфрақұрылым мәселесін шешу үшін алдымен оған елді мекен статусын беру керектігін атап өтті. Демек, сонда ғана мектеп, балабақша, аурухана, жол мен көшелерді жарықтандыру, орталықтандырылған ауызсу мен табиғи газ тарту мәселесі шешіледі. Өйткені, қазақстандық заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы билік бюджет қаржысын ауылдық және қалалық аумақтарды дамытуға ғана жұмсай алады. Саяжай кооперативтері бұдан сырт қалады. 



«Осы мәселені мен ел Президентіне, үкімет басшысына жеткіздім. Соған сай қажетті қолдау мен мақұлдау алдық. Қазір әрбір ауданға бас жоспарды түзету мен толық жоспарлаудың жобасын жасау үшін шамамен 500-700 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп отырмыз. Осыған орай бас жоспарларды пысықтау жөніндегі ауыр жұмыстарды биыл аяқтаймыз деп ойлаймын. Келер жылы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен айналысамыз. Одан соң республикалық бюджеттен қаржы алу үшін өтініш беріп, жетіспегенін жергілікті бюджеттен бөлдіреміз. Соның арқасында 2-3 жылдың көлемінде саяжайлар елді мекен статусын алады. Бұл мәселе осы уаққа дейін мүлде шешілмегенін ескерсек, межеленген мерзімге шыдауға болады», – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев. 



Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары нақтылау мақсатындағы сауалдарды көп қойған кездесуде «Шұбар», «Мереке», 14-ші саяжай сияқты саяжайлық бірлестіктердің тұрғындары белсенділік танытты. Бұған дейін белгісіз болып келген мәселенің түйіні шешілетінін ұғынған саяжайлық тұрғындар жақын арада өркениеттің қарапайым қажеттіліктеріне қол жететініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяжай #атау #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.