Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы «Қазсушар» филиалында заң бұзуш...

Алматы облысындағы «Қазсушар» филиалында заң бұзушылықтар анықталды

Әлеумет 10.10.2024, 20:37 909
Алматы облысындағы «Қазсушар» филиалында заң бұзушылықтар анықталды
Сурет: agroinfo.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша ведомство су ресурстарын басқарудағы заң бұзушылықтармен, судың «көлеңкелі» нарығымен және су саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күресті жалғастырып жатыр.

Нәтижесінде, су ресурстарын заңсыз және тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алуға байланысты заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

1. Алматы облысының Күрті ауданында шаруа қожалықтарының суармалы суды жергілікті «Қазсушар» филиалымен келісімшартқа отырмай пайдаланғандары анықталды. Атап айтқанда, 100 га егіс алқабын суару үшін суды заңсыз алған.

2. Сондай-ақ, кейбір гидротехникалық құрылыстардың тозуына байланысты каналда қосымша су шығыны анықталды. Яғни, филиал басшылығының нысандардың техникалық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жүргізуіне байланысты су ресурстарын тиімсіз пайдалану және есебін жүргізу оқиғалары тіркелді.

3. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуда заң бұзу фактілері анықталды. Филиал заңды және ішкі нормативтік құжаттарды бұза отырып, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 7 келісімшарт жасасқан. Осыған дейін, 2023 жылғы шілдеде жалпы сомасы 17,5 млн теңгеге Сол жағалау магистральды каналының жер бөлігін механикалық тазалау қызметін көрсетуге осындай тәсілмен шарт жасалған. Яғни, заң бұзушылық жүйелі түрде қайталанған.

4. Филиал директорының міндетін атқарушы жақын туыстарымен бірге жұмыс істеуге жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген талапты сақтамаған.

Тексеріс қорытындысы бойынша барлық анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы сомасы шамамен 20 млн теңгені құрады.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. 3 құқық бұзушылық фактісі бойынша филиал директорының міндетін атқарушы тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Айта кету керек, директордың м.а. осыған дейін де бірнеше мәрте ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыстық филиалға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

«Қазсушардың» басқа да облыстардағы филиалдары тексерістен өтеді. Айта кету керек, судың «көлеңкелі» нарығымен тиімді күресу үшін министрлік жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде жаңа Комитет құрылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп жүргізген тексерістердің қорытындысы бойынша «Қазсушар» кәсіпорынының басшы лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланудың 10 фактісін анықтады. Бүгінгі таңда филиал басшысы қызметінен босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #заңсыздық #пайдалану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.