конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кет...

Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті

Оқиға 21.07.2026, 10:44 203
 Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті
depositphotos.com

Алматы облысында 3 бірдей сәбиінен айырылған отбасы әділдік сұрайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Қарасай аудандық ауруханасы мәліметінше, жүктіліктің 25-аптасында науқастың толғағы басталып, қағанақ суы кеткен күйде жеткізілген. Ал қара жамылған жанұя мүшелерінің сөзінше, босануға барған әйелге Қарасай аудандық перзентханасының мамандары дұрыс ем-дом тағайындамаған.

Айдана Оразбаеваның жүктілігі 6 ай бойы қалыпты өткен. 18-іне қараған түні әйелдің суы кетіп, толғақ қысқан. Жолдасы бірден әйелін бақылауда тұрған Жамбыл аудандық ауруханасына апарған. Бірақ ондағы мамандар жүкті әйелді Қаскелеңдегі перзентханаға жіберген. Осылайша 18-і таңғы сағат 7:00-де үшем дүние келіпті. Алайда бірнеше сағат өткен соң егіз сәби көз жұмған.

"Негізі қалада кесарь тілігін жасату керек едік. Алайда шұғыл жағдай болды. Бірақ ұлым қалаға жіберуін сұраған. Олар "шақалақтар өте кішкентай табиғи жолмен босандырып аламыз" деген. "Босанғанда егіз бірінен кейін бірі шетінеп кетті" деді.  Оны да өзімізге емес, келінге айтқан", - деді  әйелдің енесі Гүлжамилә Төлешова.

Олардың айтуынша, шетінеп кеткен нәрестелерді жерлеп келген соң перзентханаға қайта барып, үшінші сәбидің жағдайын сұрағанда, тосын хабар алған.

"Баламның жағдайын білейін деп педиатрға хабарласқан. Дәрігер "сен қай балаңа келіп тұрсың, үш балаң да таңертең өліп қалған" депті", - деді әйелдің қайын әпкесі Жазира Төлешова.

Ал Қарасай аудандық ауруханасы мәліметінше, жүктіліктің 25-аптасында әйелдің толғағы басталып, қағанақ суы кеткен. Осыған байланысты оны басқа медициналық ұйымға ауыстыру мүмкін болмапты. Әйел мен нәрестелердің өміріне қауіп жоғары болғандықтан, шұғыл түрде босандыру туралы шешім қабылданған.

"Жүктіліктің 25-аптасында үшеммен босану - аса ауыр, шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдай. Осыған байланысты жүкті әйел стационарға жатқызылды. Сағат 07:00-де нәрестелер дүниеге келді, салмағы өте аз болды. Мұндай жағдайда өмірлік маңызды ағзалар, әсіресе, өкпе мен орталық жүйке жүйесі толық қалыптасып үлгермейді. Қазір көрсетілген медициналық көмектің сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр", - деді  "Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК баспасөз қызметі өкілі.

Қайғылы оқиғадан кейін отбасы құқық қорғау органдарына арыз жазған. Қазір олар үшінші нәрестенің денесін әлі алмаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Үшем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);