ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы облысында үш жылда 62 мектеп салынады

Алматы облысында үш жылда 62 мектеп салынады

Білім және ғылым 26.08.2022, 08:25 1,303
Алматы облысында үш жылда 62 мектеп салынады
Сурет: Еgemen.kz
Бұл - үш ауысымды оқуды жою үшін жасалып жатқан жұмыс.

Бұл - үш ауысымды оқуды жою үшін жасалып жатқан жұмыс.


Облыста 54 мектеп үш ауысымда жұмыс жасап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында тұңғыш рет тамыз конференциясы өтті.


Аймақтағы білім саласының өкілдері басын қосқан шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Еліміздің бас ұстазы өңірдегі мұғалімдермен өткен жиында облыс әкімінің салаға қатысты есебін таңдады.


Министр қатысқан бұл кеңесте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ағымдағы жылы білім саласының бюджеті 274,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд. теңгеге артып отырғанын алға тартып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,6 млрд. теңге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,7 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді.



«2022 жылға жергілікті бюджет есебінен жаңа модификациялық кабинеттер сатып алуға 1063,3 млрд. теңге қаражат бөлініп, жыл соңына дейін 102 пән кабинеті сатып алынады»,- деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.



Алматы облысы - тұрғындар тығыз орналасқан өңір. Мұндағы демографиялық өсім мен ішкі миграцияға байланысты жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Сондықтан да, аймақта үш ауысымды мектеп санын азайту әлі күнге күн тәртібінен түскен емес.


Өңірде 54 білім ұясы үш ауысымда жұмыс жасап тұр.



«Облыстағы мектептерде 23 273 оқушы орны тапшылығы бар. Бүгінде үш ауысымда білім беру мен оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында 2022-2025 жылдар аралығында 62 мектептің құрылысын салу жоспарланды. 2022 жылы 20 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде, оған 39,0 млрд. теңге бөлінді»,- деді Марат Елеусізұлы.



Айта кетейік, биыл 12 білім беру нысанынын қолданысқа беру көзделген, оның ішінде 8 мектеп үш ауысымда оқытуды жою үшін салынуда, 8 мектептің құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.