Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында тұрғындар Сібір жарасын жұқтырған...

Алматы облысында тұрғындар Сібір жарасын жұқтырған: ауылда карантин жарияланды

Әлеумет 03.09.2024, 17:38 2,327
Алматы облысында тұрғындар Сібір жарасын жұқтырған: ауылда карантин жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Журналист Диас Нұрақын Facebook-парақшасында Шонжыда ірі-қара сойған азаматтардың қолына жара шығып, ауруханаға түскені туралы мәлімдеген болатын. Ол ауру ошағын анықтау үшін ветеринарлар сынама алып, зертханаға жолданғаны туралы жазды.  Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап, 4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтты. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, мал ветеринарлық қызметке хабарламастан сойылған.

"Аурудың пайда болу себептерін анықтау үшін ветеринарлық инспекция СЭБД, ПД және облыс әкімдігімен бірлесіп науқастардың үйіндегі шикізат пен сою өнімдерінен, сондай-ақ мал сою орнынан топырақ сынамалары алынды", - делінген хабарламада. 

Республикалық ветеринарлық зертхана биологиялық талдау микроскопиясы мен ПТР көмегімен жиналған материалдарға зерттеулер жүргізді. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

"Биыл 12 тамызда бұл елді мекендегі мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Қазір елді мекенде жеке шаруашылықтардағы ірі-қара малды оқшаулау және карантинге жабу жұмыстары жүргізілді. Мамандар малды күнделікті тексеруден өткізеді, аурудың клиникалық белгілері анықталмаған. Барлық қажет ветеринарлық-санитарлық шара қазіргі алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сібір жарасы #сиыр #карантин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.