Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдар...

Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды

Әлеумет 14.06.2023, 09:21 1,225
Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды
Сурет: Almaty.tv

Арулап жерленіп, ардақтап көмілмегендер жер бетіне қайта шықты. 1,5 метр тереңдіктен табылған сүйектердің барлығы репрессия жылдарында жазықсыз оққа ұшқандарға тиесілі. Аумақта тек адам сүйегі емес, ату жазасына кесілгендердің жеке құралдары да анықталып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылында адам сүйектері бұған дейін де бірнеше мәрте табылған еді. Көбіне су тартып, құбыр жүргізгенде шығатын тарихи материалдар биыл бірінші рет қана мемлекеттік жоба аясында зерттеліп отыр. Ал 14 күннің ішінде 15 шақты адамның денесі шыққан ауылда археологтар әлі де 4 мыңнан аса сүйек жатуы мүмкін, - деп жазды Almaty.tv.


Сүйектерден бөлек, алтын тіс, түймелер, киім мен аяқ киім бөліктерін де көзбен көріп, қолмен ұстадық. Табылған жәдігердің көбі жақсы сақталыпты. Тек адам сүйектері бір кезде көшеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде бүлінгендіктен, көбіне шашырап кеткен.


Бұл басылым бөлігі 1934-54 жылдары шыққан «Сталин жолы» газетіне тиесілі екен. Қаріп танып, газет оқығанына қарап, тарихшылар бұл маңда білімдар адамдардың атылуы мүмкін дейді. Басқа деректер де осы болжамға әкеп тіреп тұр.



«Криминалистік, соттық-антропологиялық талдау секілді ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады. Ал үшінші кезеңде осы табылған сүйек қалдықтарына ДНҚ анализін жасауға Алматыдағы генетика институты мен Вильнюс қаласындағы генетика институты атсалысады», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.



Табылған материалдардың ішінде әйел адамға тиесілі заттар да бар. Ал денелердің көбі 1,5 метрден-ақ жер бетіне шығып жатқан көрінеді. Соған қарағанда, адамдарды арнайылап жерлемеген, тек атқан соң көме салған деген болжам бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Репрессия #құрбан #табылды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.