AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде 16 адам қа...

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде 16 адам қаза тапты

Әлеумет 25.04.2022, 09:51 1,035
Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде 16 адам қаза тапты
Сурет: Inbusiness.kz

Оның ішінде 5 құқық қорғау органының қызметкері бар.


Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында 16 адам мерт болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Сонымен қатар, біз қаза тапқан адамдар туралы ақпаратты мән-жайдың анықталуына қарай халыққа жеткізіп отырамыз. Бұған дейін Қызылорда, Атырау, Шымкент және Тараз қалаларындағы террористік шабуыл туралы хабарлаған болатынбыз. Бүгін мен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына тоқталғым келеді. Алматы облысында 16 адам көз жұмды, оның ішінде 5 құқық қорғау органының қызметкері бар. 6-19 қаңтар аралығында аталған өңірде террористік қауіптің «қызыл» деңгейі сақталып, терроризмге қарсы операция жүргізілгенін еске салғым келеді. Осы уақытта қарулы қылмыскерлер құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіруді және шабуыл жасауды жалғастырды», - деді Е.Қилымжанов.



Ол осы кезеңде терроризмге қарсы операция жүргізілгенін, азаматтардың қозғалысының ерекше тәртібі бекітіліп, автокөліктерге тексеру жасалғанын еске салды. 



«Нақты осы кезеңде, яғни 6-8 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді. Оның барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды», - деді Бас прокуратура өкілі. 



Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Қазақстан #қаңтар оқиғасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);