AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден аст...

Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі

Барлығы 15.09.2025, 14:11 882
Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлері 13 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтем жасап. 

"Қарасора-2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы заңсыз есірткі сақтауға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ведомствоның мәліметінше, ЕҚҚІҚБ мен Жамбыл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Кызыләскер ауылында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Санкцияланған тінту кезінде қызметтік иттердің көмегімен оның ауласындағы қоршау бойынан ерекше иісі бар 31 түп кептірілген өсімдік табылды. Сараптама бұл заттардың жалпы салмағы 10 келі 680 грамм болатын марихуана екенін анықтады.

Сонымен қатар, үй ішінен полиэтилен пакет салынған полимер қап табылып, оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік те марихуана екені белгілі болды. Оның салмағы - 2 келі 306 грамм. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асты.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #марихуана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);