ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы облысында мешіт ашылды

Алматы облысында мешіт ашылды

Өмір-өзен 04.07.2022, 05:59 1,460
Алматы облысында мешіт ашылды
Сурет: ҚМДБ
Мешіттің жалпы сыйымдылығы – 1000 орын.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы – 1000 орын.


Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қызылту ауылында жаңадан мешіт ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Игі рәсімге ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы облысының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы және ауыл тұрғындары, дін жанашырлары қатысты. Жамағатқа  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті зұлхижжа айының  құттықтауы мен сәлемін жеткізген наиб мүфти:



«Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған, хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы» деді.



Ауыл халқын ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырып,  істеріне сәттілік пен береке тіледі. Сондай-ақ Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алла үйіне Құран Кәрім және арнайы сыйлықты жаңа имамға тарту етіп,  мешіт салған кәсіпкер азаматтарға алғыс айтып, құрмет көрсетіп, көпшілікке ақ  батасын берді. Бұдан кейін жамағат жаңа мешітте «Зұлхижжа айының алғашқы он күнінің артықшылығы» тақырыбында уағыз тыңдап, алғашқы жұма намазын өткізді.


Айта кетейік, Қызылту ауылының «Молдахмет» мешіті 2009-2012 жылы тұрғындардың көмегімен салынып, қолданысқа берілсе, 2020 жылы апатты жағдайға байланысты сүріліп,  кәсіпкер Талғат Орынбасарұлының демеушілігімен қайта бой көтерді. «Ibrahim Khalil Alla»  атауы берілген мешіттің жалпы сыйымдылығы – 1000 орын. Дәрісхана мен дәретхана, көлік тұрағы және балаларға арналған спорт алаңқайымен қамтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.