AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын ал...

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілуде

Заң мен тəртіп 25.11.2024, 20:00 1,008 dulatbekova
Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілуде
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі қылмыстық ахуал мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңесте тұрмыстық, мас күйінде және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар санының артуына ерекше назар аударылды.

 – Жыл басынан бері облыстың жергілікті полиция қызметі қылмыстың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Учаскелік инспекторлар 45 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Алкоголизммен ауыратын 73 адам мәжбүрлеп емделуге жіберілсе, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам түзету мекемелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, тәртіп бұзған 27 азаматқа әкімшілік қадағалау тағайындалды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

 Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мектептерде құқықтық тақырыптарға арналған 1650-ден астам дәріс өткізілді, ал бұқаралық ақпарат құралдарында тәрбиелік маңызы бар көптеген материалдар жарияланды.

 Бұдан бөлек, жасөспірімдердің қатысуымен 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 2,5 мыңнан астам жағдай ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс орындамауынан туындаған. Құқық қорғау органдарының жедел-профилактикалық іс-шаралары құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға және жасырын қауіптерді анықтауға айтарлықтай ықпал етуде.

Жергілікті полиция қызметі азаматтардың шағымдарына жедел әрекет етіп, өңірдегі қоғамдық орындар мен жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды азайтып, қоғамда құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);