AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында есірткінің заңсыз айналымына қаты...

Алматы облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар факті анықталды

Заң мен тəртіп 30.12.2025, 12:30 1,017
Алматы облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар факті анықталды
Сурет: Polisia.kz

24 желтоқсанда Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментімен бірлесіп, арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен және кинологиялық қызмет орталығын тарта отырып, Алматы облысының аумағында жедел іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді,  - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Операция барысында жедел қызығушылық тудырған бірнеше мекенжай бір мезгілде тексерілді. Іле ауданының Байсерке және Али ауылдарында санкцияланған тінту барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар, болжам бойынша марихуана, сондай-ақ кептірілген, болжам бойынша қарасора өсімдіктері анықталып, тәркіленді.

Талғар ауданының Жалкамыс, Бесағаш және Жаңалық елді мекендерінде өсімдік тектес есірткі заттары, сондай-ақ есірткі заттарын өсіруге және пайдалануға арналған деп болжанатын құрал-жабдықтар мен заттар анықталып, тәркіленді. Кейбір тәркіленген заттар бойынша оларды сақтау заңдылығына қатысты тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында тұрғын үйді тінту барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес ұнтақ тәрізді зат тәркіленді.

 Аталған барлық фактілер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру және өзге де процессуалдық тексеру шаралары жүргізілуде. Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмысты жалғастырып, азаматтарды осындай қылмыстарды анықтауға ықпал ететін ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #есірткі #заңсыз айналым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);