AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 02.12.2023, 05:21 1,253
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелермен бірлесіп “Құқықтық тәртіп” республикалық операциясын жүргізу кезінде есірткінің ірі партияларын тәркіледі


Алматы облысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар жеке үйдің аумағында синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Үй-жайларды тінту кезінде 3 тонна прекурсор (есірткі өндіру және дайындау кезінде пайдаланылатын заттар), зертханалық құрал-жабдық (реактор, шыны колбалар) және 55 келі мефедрон психотроптық затының дайын өнімі тәркіленді.


Семей полицейлері Алматы қаласының, Абай және Алматы облыстарының аумағында есірткіні өткізу бойынша интернет-дүкен ұйымдастырған Алматы қаласында тұратын 4 тұрғынға қатысты ұзақ мерзімді тексеру операциясын аяқтады.


Іс-шара бір мезгілде Алматы және Семей қалаларында жүргізілді. Тінту барысында 8 есірткіні буып-түю материалдары, ақшалай қаражаттар мен ноутбуктер тәркіленді. Жүргізілген операцияның қорытындысы бойынша интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ұсталды.


Қарағанды облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сотталғандарға сәлемдемелер арқылы есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды.


Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласында ұзақ уақыт бойы ірі көлемде героин жеткізумен және өткізумен айналысқан 63 жастағы тұрғынды ұстады. Жедел-профилактикалық іс-шараның 10 күнінде полиция заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілік препараттың таблеткасы тәркіленді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almaty-oblysynda-esirtki-zerthanasy-zhojyldy-55-keli-mefedron-tarkilendi/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #зертхана #құқықтық тәртіп #республикалық операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);