AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында егістіктің қурап жатқаны рас па? 

Алматы облысында егістіктің қурап жатқаны рас па? 

Әлеумет 06.07.2025, 12:32 763 yakiya
Алматы облысында егістіктің қурап жатқаны рас па? 
gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы Іле ауданында суармалы су тапшылығы жоқ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында 100 га егістік алқап суарылмай, қурап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Министрлік жұмыс тобын құрып аумақты барып тексерген.

"Су министрлігінің жұмыс тобы Алматы облысы Іле ауданының Ақши ауылында шаруа қожалықтары мен ауыл әкімдігі өкілдерімен кездесті. Ақши ауылында су тапшылығы салдарынан 100 гектар егіс алқабының құрғап жатқаны туралы бұрын тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды", - деп жазды ведомстводағылар.

Шын мәнінде "Қазсушардың" "Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалымен су жеткізу бойынша келісімшарттары болмағандықтан, 9 гектар жер суарылмаған.

"Елді мекенге су Күрті су қоймасынан оң жағалау магистральдық каналы арқылы жеткізіледі. Суару маусымы 16 мамырда басталған. Ал Үлкен Алматы каналының филиалы сәуір айының аяғында шаруаларды келісімшартқа отыруға шақыра бастаған", - дейді министрлік.

Мамыр айының басында Күрті су қоймасындағы су көлемі 101,68 млн текше метр болды. Бүгінге дейін Оң жағалау магистральдық каналы арқылы 3,6 млн текше метр су берілді, Сол жағалау магистральдық каналы арқылы 6 млн текше метрден астам су берілді.

Су беру жұмыстарының келешекте кешігуіне жол бермес үшін жұмыс тобының өкілдері филиалға суару маусымы басталмай тұрып су беру жөнінде келісімшарттар жасасуды ұсынды. Сондай-ақ каналдарды механикалық әдіспен тазарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #егіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);