Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында бір ауылдың халқы дабыл қақты

Алматы облысында бір ауылдың халқы дабыл қақты

Әлеумет 04.05.2024, 09:06 1,008
Алматы облысында бір ауылдың халқы дабыл қақты
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғындары малдың өлексесін қорасынан шығармай отырған үй иесіне шағымданды.



Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан үлкен ашық қорада жылқы, шошқа малдары аралас жатқанын көруге болады. Мұнда өлекселерден бөлек, балшыққа батып, әрең қозғалып жатқан үй жануарларын көресіз, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 




«Қырғауылды ауылында сұмдық жағдай. Жылқылар мен шошқалар өлексенің жанында ұстап отыр. Көп жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік. Біз жағымсыз иіс бұл жер лас болғандықтан шығады деп ойладық. Алайда ол өлексенің иісі екен. Осыған шара қолдануын сұраймыз», - делінген жазбада. 




Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының әкімдігі түсінік берді.




«Көше тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша Қарасай аудаы әкімінің орынбасары мал иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқа мен жылқы сату туралы келісімге қол жеткізілді. 4 мамырдан бастап Октава баспанасына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалды. Баспанада ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізіледі, жылқылар тасымалданады. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пунктің бақылауында. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді», – деп атап өтті Алматы облысының әкімдігінен.




Жануарлардың иесі - Қырғауылды ауылының тұрғыны Алексей есімді азамат. 




«Бұл отбасы осындай жағдайға қатысты 2022 жылы айыппұл арқалаған. 2023 жылы 10 бас жануарды ветеринарлық станцияға тіркеткен. Бүгінгі жағдай біздің мекеменің бақылауында. Қорада механикалық және бірнеше дизенфекциялық тазартулар жүргізіледі», – деп мәлімдеді Қарасай аудандық ветстанцияның өкілі.




Ал Райымбек ауылдық округінің әкімдігі жануарлардың иесі санитарлық талапқа бағынбай келе жатқанына 10 жылдан асқанын айтты. Арасында айыппұл төлеген. Ауылдастарының шағымдануы бірінші рет емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал #иіс #Қырғауылды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.