конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектебі пай...

Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектебі пайда болды

Білім және ғылым 28.02.2023, 03:30 1,367
Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектебі пайда болды

Мектепте 2 083 оқушы оқиды және 219 мұғалім сабақ береді


Алматы облысында алғашқы ауылдық тірек мектебі пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұзынғаш ауылында орналасқан Т. Рысқұлов атындағы мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңарып, заманауи білім беру технологиялары енгізілді. Мектеп үш ауысымды, онда 2 083 оқушы оқиды және 219 мұғалім сабақ береді. НЗМ стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, сондай-ақ STEM зертхана, АРТ студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жабдықталды.



«Білім туралы» заңда «тірек мектептер» деген ұғым бар, олар өз кезегінде құзыреттілік орталықтары болуы керек және басқа мектептерде, әсіресе аз қамтылған мектептерде оқыту сапасын арттыруға ықпал етуі қажет. Осы жағдайды талдаған кезде ауыл мектептерін дамыту бойынша бірде-бір кешенді бағдарлама болмады. Сондай-ақ, PISA халықаралық рейтингіне сәйкес Қазақстанда ауылдағы білім деңгейі төмен. Сондықтан, серіктестеріміз – БТДҚ және НЗМ-мен бірлесіп, біз ауыл және қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту үшін бағдарламаны әзірлеп, оқу орындарын жабдықтауды, жаңа стандарттар бойынша оқытуды бастадық. Өткен жылдан бастап 17 тірек мектепті құрған болсақ, енді аудандар мен моноқалаларда білім беру трансфертін кеңейтіп, тағы 53 тірек ауылдық мектеп құрғымыз келеді», - деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.




Білім беруді тұрақты дамыту қоры НЗМ-мен бірлесіп мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізді, сондай-ақ мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі, мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстарын анықтады. Пән мұғалімдері республикалық білім беру бағдарламалары орталығы жаттықтырушыларының екі күндік курстарынан және қарқынды оқыту бағдарламасынан өтті.


Айта кетсек, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық тірек мектепті құрды. Жобаның бюджеті – 4 млрд 250 млн теңге (1 мектепке шамамен 250 млн теңге).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);