ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында 34 елді мекенді қорғайтын жаңа өр...

Алматы облысында 34 елді мекенді қорғайтын жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Әлеумет 25.01.2026, 11:42 180
Алматы облысында 34 елді мекенді қорғайтын жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Сурет: Gov.kz
ТЖМ басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосын ашты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ТЖМ басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосын ашты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ТЖД басшылығы, қызмет ардагерлері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Аталған нысан Қазақстан ТЖ министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

  Іс-шара барысында сөз сөйлеген министр азаматтық қорғау жүйесін нығайту және ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру депосының, заманауи өрт-құтқару техникасының, оның ішінде өрт автоцистернасының, жедел-құтқару автокөлігінің және жол талғамайтын көліктің кілттерін табыс етті.

Жаңа өрт сөндіру депосы жалпы саны 28 мыңнан астам халқы бар 12 ауылдық округ пен 34 елді мекенді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Ғимарат модульдік технология бойынша салынған, бұл қажет болған жағдайда нысанды жедел түрде кеңейтуге және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Депо тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен толық жабдықталған: заманауи байланыс құралдары бар диспетчерлік пункт, екі өрт сөндіру автокөлігіне арналған гараждар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, ас үй және демалыс бөлмелері бар. Сонымен қатар спорттық жаттығу құрал-жабдықтармен жарақталған «Batyr Team» жаттығу аймағы бар.

Іс-шара аясында нысанның құрылысына жоғары жауапкершілікпен қатысып, белсенділік танытқан азаматтар ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды. ТЖМ ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін нығайту және елдегі халықтың қорғалу деңгейін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.