ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Алматы облысы олимпиада жүлдегерлеріне пәтер сыйла...

Алматы облысы олимпиада жүлдегерлеріне пәтер сыйлады

Спорт 18.08.2024, 11:54 1,023
Алматы облысы олимпиада жүлдегерлеріне пәтер сыйлады
Cурет: Olympic.kz
Олимпиадаға қатысушылардың жүлде қоры 24 миллион теңге және 4 пәтер.

Олимпиадаға қатысушылардың жүлде қоры 24 миллион теңге және 4 пәтер. 

Олимпиада жүлдегерлеріне 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Париждегі олимпиадаға қатысушыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.

"Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда туған өңірінің намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын. Біз сіздермен мақтанамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қайсарлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі", -деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысы Алматы облысының кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Қола жүлдегер Назым Қызайбайға да 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшылардың жаттықтырушылары да Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірлік кәсіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаты мен екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушыларға кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификаттарын табыс етті:

Эдуард Ещенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;

Әсем Орынбай (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;

Мария Дмитриенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлемнің, Азия кубогының және Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері;

Никита Чирюкин (ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлем және Азия чемпионы, Әлем кубогы мен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.