ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысы 25 мың тонна құс етін экспортқа шыға...

Алматы облысы 25 мың тонна құс етін экспортқа шығарады

Әлеумет 02.01.2022, 12:31 1,620
Алматы облысы 25 мың тонна құс етін экспортқа шығарады
Cурет: Inbusiness.kz
Биыл 3 құс фабрикасы іске қосылады

Биыл 3 құс фабрикасы іске қосылады


Алматы облысында құс шаруашылығымен 10 кәсіпорын айналысады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Кәсіпорындар жылына 100 мың тоннадан астам құс еті мен 1 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Бұл дегенімізі республикадағы барлық құс етінің – 36%-ын, жұмыртқаның -20%-ын құрайды деген сөз. 


Құс өнімдері облыстың және Алматы қаласының ішкі нарығын толық қамтуға жеткілікті, басқа өңірлер мен экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарылады.


Құс шаруашылығын одан әрі дамытуды жылдық қуаттылығы 173 мың тонна ет шығаруға арналған 3 құс фабрикасын іске қосумен байланыстыруға болады, оған 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Атап айтқанда, Ұйғыр ауданында «Прима Құс» ЖШС 36 мың тоннаға, Кербұлақ ауданында – «Кәусар Агро» ЖШС - 17 мың тоннаға және Іле ауданында – «Айтас» компаниясымен 120 мың тонна өнім өндіретін ферма іске қосылады деп жоспарланған.


Айта кетейік, қайта өңдеу саласында соңғы бес жылда 65 жаңа нысан іске қосылып, 28 өндіріс жаңғыртылды, бұл тамақ өнімдері өндірісінің 1,7 есе өсуін қамтамасыз етті.


Облыстың ішкі нарығында отандық азық – түлік тауарларының үлесі 85% - ды, импорттық өнімдер -15% - ды құрайды. Бүгінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі 60% – ға дейін, кәсіпорындар қуаттылығының жүктелу деңгейі – 72% - ға дейін артты.


Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы мақұлданды, бұл ретте болашақта Алматы облысының аграрлық секторын дамытуға тың серпін беретін жалпы құны 355 млрд теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асыру көзделуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.