AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды

Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды

Әлеумет 20.05.2022, 10:49 1,212
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Сурет: Inform.kz

Құрылғылар күту режимінде жұмыс істейді.


Алматы метросындағы алғашқы сейсмикалық станциялар маусым айында толығымен пайдаланысқа беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Инженерлік-сейсмометрикалық қызмет станцияларын орнатуға «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚазҚСҒЗИ) ғылыми-техникалық тұрғыдан көмек көрсетті»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Алматы қаласы метрополитенінің «Бауыржан Момышұлы» және «Сары Арқа» жаңа станцияларында тоғыз арналы цифрлы аспапты-өлшеу жүйелері орнатылды. Аталған құрылғылар швейцариялық «GeoSIG» фирмасының өнімі.


Бұл – Алматы қаласының метро жүйесінде орнатылған алғашқы сейсмикалық станция. Аталған құрылғылар жер сілкінісін алдын-ала болжауға мүмкіндік беріп, зілзала кезіндегі кинематикалық параметрлердің аспаптық жазбаларын алуға септігін тигізбек. Құрылғыдан алынған ақпарат сейсмикалық әсердің нақты қуаты мен ерекшеліктерін ескеруге және метрополитеннің жаңа станцияларын жобалауға ықпал етеді.


Құрылғылар күту режимінде жұмыс істейді. Оның іске қосу шегі – 0.05g. Аспапта іске қосу шегінің болуы – метрополитендегі пойыздар қозғалысының динамикалық әсерімен байланысты.


Станциялар өткен жылы техникалық тұрғыдан іске қосылды. Биылғы жылдың маусым айында оларды толығымен пайдалану жоспарланып отыр. Алдағы уақытта метрополитендегі құрылысы жүріп жатқан тағы екі бекетте осы тақілеттес сейсмикалық станцияларды орнату көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#метро #Алматы #Станция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);