ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жа...

Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр пойызы пайдалануға берілді

Әлеумет 30.11.2021, 11:26 1,393
Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр пойызы пайдалануға берілді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz
Метрода жаңа пойыздар

Метрода жаңа пойыздар


Енді метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Пандемияға қарамастан, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Алматы метрополитенінің 10 жылдығында Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген Hyundai Rotem Оңтүстік Корея компаниясы шығарған 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілді.



«Метрополитен» КМК электродепо бастығы Жеткерген Арзаевтың айтуынша, жаңа құрамдар бұрынғыларынан заманауилығымен ерекшеленеді. Вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сондықтан машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.



Жалпы құрамның ұзындығы 77,8 метр болатын пойыздың ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ жетеді. Температура режимі: -35, +40с.


4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету мен ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған. 



«Біз мына пойыздарды 10 жыл бойы қолданып келеміз. Сол уақыт ішінде техникалық ақаулар, жұмыс барысында кедергілер болған жоқ. Сол себепті 2018 жылы 8 жылжымалы құрам сатып алуға келісімшартқа қол қойылды. Жаңа құрамдар вагондар арасында өтпелі өткелге ие, бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жаңа технологиялар осы құрамдарда енгізілген», - деді метрополитеннің бас инженері Нұрғали Үсенов.



Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген. Энергия тұтынуды үнемдеуге мүмкіндік беретін тетіктер де қарастырылған.


Вагондар қайта жабдықтауды, техникалық нығайту мен жөндеусіз бір қалыпты 30 жыл қызмет ету үшін жобаланған, арнайы құрастырылған.


Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашқан болатын. Содан бері метро жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ.


Метрода жолаушылар ағынының үнемі өсіп келе жатқанын атап өтті. Мәселен, егер пандемияға дейін тасымалданған жолаушылар саны 50-60 мың адамды құраса, жаңа екі станция ашылғалы жолаушылар ағыны 80-90 мың адамды құрайды. Егер метро Алтын Орда базарына жетсе, жолаушылар ағыны 160 мың адамға дейін артады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.