AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байл...

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Әлеумет 27.03.2026, 18:01 359 Дина
Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Алматыда Қазақстан-Үндістан бизнес-кездесуі өтіп, тараптар сауда, инвестиция және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы Үндістанмен бизнес және инвестиция саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуды көздеп отыр. Бұл бүгін өткен Қазақстан-Үндістан бизнес-кездесуінде белгілі болды.

Ауқымды жиынға 50-ге жуық шетелдік компания қатысып, оған Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты. Кездесуде екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен алдағы мүмкіндіктері талқыланды.

Сарапшылардың айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан мен Үндістан арасындағы іскерлік байланыс айтарлықтай күшейген. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 340 миллион долларға жеткен. Бұл өзара экономикалық серіктестіктің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Жүздесу барысында фармацевтика саласына ерекше назар аударылды. Қазір Алматыда осы бағытта арнайы кластерлер құрылып, ғылыми орталықтар ашылған. Сонымен қатар жаңа өндіріс орындары да іске қосылып жатыр.

Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшісі Сайлас Тангалдың айтуынша, бүгінгі кездесуге Үндістаннан 44 компания қатысып отыр. Делегация құрамында 65 адам бар.

Оның сөзінше, олардың қатарында дәрі-дәрмек пен белсенді фармацевтикалық заттарды өндірушілер, импорт-экспорт және инновация саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер бар. Үндістан тарапының мақсаты – Қазақстанмен сауда байланысын күшейтіп, бизнесті ынталандыру, сондай-ақ инвестициялық бастамалар мен өндірісті кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);