AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мен Ұлыбритания жаңа бірлескен жобаларды қо...

Алматы мен Ұлыбритания жаңа бірлескен жобаларды қолға алады

Барлығы 11.10.2025, 18:08 516 Сұлу
Алматы мен Ұлыбритания жаңа бірлескен жобаларды қолға алады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық Азия мен Әзербайжан бойынша Ұлыбританияның Сауда өкілі, лорд Джон Алдердайспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту, сондай-ақ Алматы мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы достық және өзара сенімге негізделген қарым-қатынастарға 30 жылдан асты. Бүгінде бұл байланыстар нақты серіктестік аясында табысты дамып келеді.

«2025 жылдың жеті айында Алматы мен Ұлыбритания арасындағы өзара сауда айналымы 125 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар туристік бағыт та белсенді дамып келеді. Биыл Алматыға Ұлыбританиядан келген туристер саны 6 мыңнан асты, бұл елді шетелдік 11 негізгі туристік бағыттың қатарына енгізді», – деді қала әкімі.

Өз кезегінде лорд Алдердайс Ұлыбритания тарапынан сауда, білім, инновация және орнықты қалалық даму салаларында әріптестікті кеңейтуге мүдделілік бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматыда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор әлеует бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және Алматы мен Ұлыбритания арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ортақ жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлыбритания #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);