AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мен Ұлыбритания дамудың негізгі салаларында...

Алматы мен Ұлыбритания дамудың негізгі салаларында ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Барлығы 27.09.2025, 10:43 762
Алматы мен Ұлыбритания дамудың негізгі салаларында ынтымақтастықты нығайтып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсимен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, білім беру, туристік және гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейту жайын талқылады.

Дархан Сатыбалды биыл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толғанын атап өтті.

«Осы жылдар ішінде біздің мемлекеттеріміз кең ауқымды бағыттар бойынша берік достық және әріптестік байланыстар орнатты. Алматы еліміздің ірі іскерлік және мәдени орталығы ретінде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі», - деп атап өтті қала әкімі.

Биыл қаңтар–шілде айларында Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 125,5 млн АҚШ долларына жетті. Алматыға келген туристер саны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,1 млн адам болды, бұл былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 6,5% - ға өскен. 

Гуманитарлық өзара іс-қимыл туралы айта келе, Дархан Сатыбалды білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Ұлыбритания білім беру саласындағы маңызды серіктес болып қала береді. Бүгінде 300-ге жуық қазақстандық студент британ университеттерінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда, Алматыда British Council кеңсесі табысты жұмыс істеуде. 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан-Британ техникалық университеті жұмыс істеп келеді, ал 2021 жылы de Montfort бірінші толық Британдық университеті ашылды», - деп атап өтті әкім.

Кездесу соңында тараптар экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ Алматы мен Біріккен Корольдік арасындағы серіктестіктің жаңа форматтарын ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлыбритания #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);