AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен Цинхай экотуризм саласындағы ынтымақтас...

Алматы мен Цинхай экотуризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Әлеумет 07.08.2025, 12:50 579 Сұлу
Алматы мен Цинхай экотуризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Туризм басқармасы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының өкілдері Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясынан келген делегациямен кездесіп, туристік және тау инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл сапар туристік және таулы инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік байланыс орнату мен тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.

ҚХР-дың солтүстік-батысында орналасқан Цинхай провинциясы көркем табиғатымен, биік таулы аймақтарымен және бай мәдени мұрасымен ерекшеленетін туристік әлеуеті зор өңір. Қытай тарапы Қазақстанның, атап айтқанда, тау шаңғы курорттарын құру мен жаңғырту бағытындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.

Цинхай делегациясына Алматының негізгі туристік инфрақұрылым нысандары – «Шымбұлақ», жыл бойы жұмыс істейтін «OI-Qaragai» курорты, сондай-ақ «Медеу» спорт кешені таныстырылды.

Қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова Алматының елдегі ең ірі туристік орталық ретінде жыл он екі бойы тау туризміне мол мүмкіндік ұсынатынын атап өтті.

Қытай делегациясы қазақстандық тарапты 27 тамызда Алматыда өтетін экономикалық және туристік ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды. Бұл екі өңір арасындағы туризм саласында өзара серіктестік орнатуға, сондай-ақ экотуризм, белсенді демалыс пен қысқы спорт түрлері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қытай #Экотуризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);