AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты...

Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды

Әлеумет 14.11.2025, 17:34 570 dulatbekova
Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды
Сурет: Astanatv.kz

Алматы облысында 42 шақырымдық "Ұзынағаш - Отар" жолы пайдалануға берілді.

Аталған жолдың іске қосылуымен магистралді жаңарту толығымен аяқталды. Енді Алматыдан Шымкентке дейінгі жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы болмақ, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 

Ашылу салтанатына ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және өңір ақсақалдары қатысты. Рәсімде қозғалысты бастау батырмасы басылып, жаңа жол арқылы алғашқы болып 15 көліктен тұратын автоколонна жүріп өтті.

Биыл біз ел бойынша 13 мың шақырым жолда жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу арқылы рекордтық нәтижеге қол жеткіздік. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауы мен жол саласының қызметкерлерінің күнделікті атқарып жүрген ерен еңбегінің арқасы. Олар азаматтар үшін қауіпсіз, әрі ыңғайлы жолдар салып, өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деді іс-шара барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Сонымен қатар жолды ашу салтанатының аясында жобаны іске асыруға ерекше үлес қосқан жұмысшылар марапатталды. Оларға ведомстволық медальдар, Алғыс хаттар және Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.

Айта кетейік, бүгін ашылған «Ұзынағаш – Отар» күре жолында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, небәрі екі жылда толық аяқталды. Жобаға 163 бірлік техника, 290 маман жұмылдырылып, екі асфальт-бетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеді.

42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» тасжолының ашылуымен Алматы мен Шымкент арасындағы жол толық төрт жолақты болып, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы, әрі қауіпсіз болмақ. Бұл магистральдің өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады және өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды одан әрі күшейтері сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұзынағаш-Отар #жол #Алматы #шымкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);