ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен Қостанай облыстарында ашылатын жаңа авт...

Алматы мен Қостанай облыстарында ашылатын жаңа автокөлік зауыттары ел экономикасына серпін береді

Әлеумет 14.03.2025, 16:56 668
Алматы мен Қостанай облыстарында ашылатын жаңа автокөлік зауыттары ел экономикасына серпін береді
primeminister.kz
Қазіргі таңда елімізде бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде мәлімдеді. 2025-2026 жылдары Қашаған кенішінде газ өңдеу зауыты...

Қазіргі таңда елімізде бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде мәлімдеді. 2025-2026 жылдары Қашаған кенішінде газ өңдеу зауыты іске қосылып, «Талдықорған – Үшарал» және «Бейнеу–Бозой-Шымкент» газ құбырларының екінші желісі пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген жаңа электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылатын болады.

Президенттің айтуынша, «Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт іске қосылады. Бұл зауыт Жаңаөзен қаласын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ететін болады. Қарағанды және Екібастұз қалаларында болат қорытатын зауыттар мен Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін химия кешені пайдалануға беріледі.

Алматы мен Қостанай облыстарында жаңа автокөлік зауыттары ашылып, ел экономикасына серпін береді. Сондай-ақ, «Достық-Мойынты» темір жол учаскесінің және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында контейнер хабы салынып, «Қорғас – Шығыс қақпа» ЕЭА аумағында халықаралық әуежай жұмыс істей бастайды. Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында да жаңа әуежайлар ашылады.

Президент өз сөзінде Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық дәлізді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еліміздің автокөлік жолдары желісін дамыту жұмыстарының маңызы ерекше екендігі де айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.