ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы мектептері отандық әрі тегін BilimClass эле...

Алматы мектептері отандық әрі тегін BilimClass электрондық журналына көше бастады

Алматы 08.01.2026, 13:46 393
Алматы мектептері отандық әрі тегін BilimClass электрондық журналына көше бастады
Сурет: Алматы қаласының Білім басқармасы
Алматы қаласының Білім басқармасының шешіміне сәйкес, 2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап қала мектептері BilimClass электрондық журналына көшеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қаласының Білім басқармасының шешіміне сәйкес, 2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап қала мектептері BilimClass электрондық журналына көшеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 BilimClass — тегін мобильді қосымшасы бар, серверлері Қазақстан аумағында орналасқан және пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ететін толықтай қазақстандық платформа.

Бұл шешімге дейін платформа жан-жақты талдаудан өтіп, Алматы қаласындағы 15 мектепте пилоттық режимде апробацияланды. Соның нәтижесінде BilimClass жүйесі барлық қажетті талаптарға сай екенін көрсетті. Платформаға көшу алдында мұғалімдер BilimClass-пен жұмыс істеу бойынша тегін оқудан өтті. Сонымен қатар қолдау қызметі мектептерді сүйемелдеп, туындаған сұрақтарға жедел түрде жауап береді.

BilimClass электрондық журналы мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және аналитика құралдарын да ұсынады. Қазіргі таңда BilimClass жүйесін Қазақстанның 11 өңіріндегі 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланып отыр. Атап айтқанда, платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданыста. Платформаны әзірлеуші — Қазақстандағы жетекші Bilim Group IT холдингі. Оның құрамына BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz және SmartNation сияқты өнімдер кіреді.

BilimClass — серверлері Қазақстан аумағында орналасқан толықтай отандық өнім. Жүйе пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етіп, заңнамалық талаптарды қатаң сақтайды. Ата-аналар мен оқушылар BilimClass мобильді қосымшасын тегін пайдаланады. Қосымша сабақ кестесі, сабаққа қатысу, оқу үлгерімі мен үй тапсырмалары туралы толық ақпарат ұсынады. Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын жүктеу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қолжетімді.

Платформаға көшу оқу процесіне әсер етпеуі үшін арнайы қысқы демалыс кезеңіне жоспарланды. Осы уақытта мұғалімдер жүйемен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.