AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы медицинасы жаңа дәуірге қадам басты: жасанд...

Алматы медицинасы жаңа дәуірге қадам басты: жасанды интеллект пен роботтар іс жүзінде

Барлығы 29.10.2025, 16:41 789
Алматы медицинасы жаңа дәуірге қадам басты: жасанды интеллект пен роботтар іс жүзінде
Сурет: pixabay.com

Алматы онкологтары елімізде алғаш болып химиопрепараттарды дайындауға арналған роботтандырылған KiroOncology жүйесін енгізді.

Алматы қаласы Қазақстандағы технологиялық медицинаның флагманына айналуда. Елімізде алғаш рет Алматылық онкологиялық орталықта химиотерапиялық препараттарды дайындайтын KiroOncology роботтандырылған жүйесі іске қосылды. Бұған дейін мұндай технология Еуропа мен АҚШ клиникаларында ғана қолданылған еді. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мәлімдеді.

Сондай-ақ елімізде алғаш рет Алматы қаласындағы №3 емханада жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін дауыстық роботтар іске қосылды. Олар тіркеуші қызметін атқарып, пациенттердің өтініштерін қабылдап, кеңес береді және жүктемені автоматты түрде бөледі. Алдағы уақытта бұл тәжірибе барлық қалалық емханаларға енгізілмек.

«Алматы медицина саласын дәлірек, қауіпсіз әрі қолжетімді ететін заманауи технологияларды енгізіп келеді», – деді Нұрлан Әбдірахым.

Сонымен қатар, Қалалық кардиологиялық орталық базасында алғаш рет қалалық деңгейде жүрек трансплантациясы бойынша ота жасауға дайындық жүргізілуде.

Кадрлық әлеуетке де ерекше назар аударылған. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, жыл сайын қаланың медицина мекемелеріне 400 жас маман келіп, тұрғын үймен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, сұранысқа ие бағыттар бойынша 124 дәрігер резидентураға жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);