AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мәслихатының депутаты көшеде түкіру мәдение...

Алматы мәслихатының депутаты көшеде түкіру мәдениетсіздігі жайлы ойын білдірді

Әлеумет 19.08.2022, 07:21 1,605
Алматы мәслихатының депутаты көшеде түкіру мәдениетсіздігі жайлы ойын білдірді
Сурет. Vecher.kz

Көшеде түкіру - мәдениетке жат әдет.


Алматы мәслихатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері Сергей Пономарев көшеде, қоғамдық орындарды түкіру қала көркін бұзып қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Алматыға келген шетелдік туристер ең алдымен нені көреді? Әрине, тауды көреді. Бірақ оны басыңды көтерген кезде көресің, ал төмен түсірсе ше... асфальт бетіндегі қақырық-түкіріктер. Бұл туралы жиі айтылады, көбінесе күнделікті өмірде айтып жатамыз, мәдениетті болуға шақырып жатамыз. Бірақ адамдар автокөлік, автобус  терезесінен, көшеде отырған орынтарды отырып, балалар алаңдарында, тіпті жаяу жүріп бара жатып түкірулерін доғармайды. Мәдениетсіздікке жататын бұл әдет жиіркенішті ғана емес, денсаулық үшін қауіпті!» – деп жазды ол әлеуметтік желіде. 



Эпидемиологтардың пікірі бойынша, түкірік көптеген ауруларға әкелуі мүмкін: тіпті кеуіп қалған адамның түкірігінде герпес, қызамық, туберкулез, гепатит, пневмония болуы мүмкін.


Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдап, бұл әдетті «Бұл мәдениеттің төмендігін көрсетеді, бұл гигиенаға қайшы әрі жаман әдет» деген болатын. 


Бұл мәселе тек Алматы мен елімізде ғана қатысты емес, басқа мемлекеттерде де кездесіп отыр. 


Көршілес Қырғызстанда 2019 жылы қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салатын  жаңа Кодекс күшіне енген болатын. Осыған ұқсас әдепсіздікке қарсы күрес шаралары Үндістан, Қытай, Сингапурда да бар. 


Депутат азаматтардың жаппай түкіру әдеті Қазақстанның мәдени астанасының мәртебесі мен туристік бейнесіне кері әсерін тигізеді деп санайды. Ол қоғамдық орындарда түкіргендерді қатаң жазалауды ұсынды. 



«Мен депутат әріптестеріме және қалалық әкімдікке ұсынысым бар: қоғамдық орындарда өзін ұстаудың қосымша ережелерін дереу жасау керек, түкіруге ғана тыйым салмай, темекі тұқылын, қоқыс, шемішке, сағыз қалдықтарын тастауға да тыйым салып, оны заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Осы мәселеге бейжай қарамайтын қала тұрғындарын бұл бастаманы қолдауға шақырамын, қаламызды сөзбен ғана жақсы көрмей, іспен де дәлелдейік!» – деп толықтырды Сергей Пономарев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #мәселе #түкіру #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);