ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы мәслихатының депутаты кептеліске қарсы жаңа...

Алматы мәслихатының депутаты кептеліске қарсы жаңа кесте ұсынды

Алматы 29.08.2025, 22:11 441
Алматы мәслихатының депутаты кептеліске қарсы жаңа кесте ұсынды
Pixabay.com
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева жұмыс пен оқу уақытын өзгерту арқылы таңғы және кешкі қарбалас сәттерде көлік кептелісін азайтуды ұсынды. Бұл бастама қаладағы көлік ағынын...

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева жұмыс пен оқу уақытын өзгерту арқылы таңғы және кешкі қарбалас сәттерде көлік кептелісін азайтуды ұсынды. Бұл бастама қаладағы көлік ағынын реттеуге және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұсынысқа сәйкес, екі ауысымды оқыту жүйесі бар мектеп оқушылары мен студенттердің сабақтары жарты сағат ертерек - таңғы 7:30-да басталуы мүмкін. Ал кәсіпорындар мен холдингтердің жұмыс күні сағат 9:00-ден 8:30-ға ауыстырылса, жеке компаниялар - банк, үкіметтік емес ұйымдар, нотариалдық кеңселер мен жарнама агенттіктерінің қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеу форматына көшу қарастырылып отыр.

Депутат жеке мектептерге де назар аударды: оларды оқушылар үшін автобус жалдауға шақырды. Бұл шара таңғы уақытта жеке көліктердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

Жүзееваның айтуынша, мұндай өзгерістер жол қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, қала тұрғындарының уақытын үнемдеуге және экологиялық жағдайды жақсартуға сеп болады.

"Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы сабақ басталу уақытын, ірі ұйымдардағы жұмыс кестесін өзгерту жолды босатып, қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттырады. Өйткені шамадан тыс жүктелген жол ауа сапасына да, тұрғындардың денсаулығына да тікелей әсер етеді", – деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.