ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматы Мәслихатының депутаттары Конституцияны өзге...

Алматы Мәслихатының депутаттары Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумды қолдады

Референдум - 2022 19.05.2022, 06:34 1,337
Алматы Мәслихатының депутаттары Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумды қолдады
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы Мәслихаты депутаттарының бастамасымен, төрт саяси партиялардың депутаттары кездесу ұйымдастырды.

Алматы қаласы Мәслихаты депутаттарының бастамасымен, төрт саяси партиялардың депутаттары кездесу ұйымдастырды.


Басқосуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанның берік құқықтық іргесін қалауға бағытталған Конституцияға түзетулер пакетінің стратегиялық маңыздылығы мен уақтылығы атап өтілді.


Кездесуде Мәслихат хатшысы Станислав Канкуров, партия фракциялары мен тұрақты комиссиялардың басшылары Рахат Шимашева, Көпесбай Жампиисов, Алибек Шапенов, Махамбет Хасенов және басқа да депутаттар сөз сөйледі.



Ата заңға түзетулер қабылданған жағдайда Мәслихаттардың халық мүддесін білдіретін өкілеттігі арттырылады. Сондай-ақ, «Облыс әкімдерінің жанама сайлауын» енгізу жоспарлануда, онда Президент екі кандидатты ұсынатын болады. Ал әкімдер облыс аумағындағы Мәслихаттармен сайланады.



«Бүгін біз Мәслихатқа ұсынылған депутаттық фракциялар мен тұрақты комиссиялар басшыларының отырысын өткіздік, онда депутаттар Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша референдум өткізуге байланысты Мемлекет басшысының реформаларына бірауыздан қолдау білдірді. Сонымен қатар, Алматы қаласының депутаттары алдағы референдумға қатысты қала тұрғындарымен 100-ден астам кездесу өткізгенін атап өту қажет. Осы іс - шаралар барысында азаматтар Мемлекет басшысының бастамаларына белсенді түрде қолдау білдіруде», - деді Мәслихат хатшысы Станислав Канкуров.



Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке заң әзірленуде. Осы заңды негізге ала отырып, жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктері, процестерді де-бюрократизациялау кеңейтіледі және мемлекеттік органдар мен Мәслихаттардың тиімділігі артады.


Түзетулер пакетіне сәйкес Мәслихат депутаттарының 50% тұрғындардың тікелей дауысымен сайланатын болады.



5 маусымда біздің елімізде мемлекеттік басқару жүйесін және жалпы қоғамдық қатынастарды қайта құруға әкелетін негізгі заңға түбегейлі өзгерістер енгізу жоспарлануда. Референдумға Конституцияның 33 бабы енгізілді, олар ауқымды әрі өзекті реформаларды білдіреді. Мемлекет басшысы Қазақстан «Екінші Республиканың» алдында тұрғанын айтты. Бұл өзгерістер елдің бүкіл саяси жүйесі мен қоғамға қатысты болады.




Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның «суперпрезиденттік» модельден «президенттік» модельге көшуін жариялады. Шектеулердің бірі - Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партияға кіруіне тыйым салу. Келесі - Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға тыйым салу. «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халық меншігінде. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» - деп ел Президенті айтты. Осы өзгерістердің барлығы демократия мен әділеттіліктің принциптері мен құндылықтарын ұстанатындығын дәлелдейді.


Алдағы референдум жалпыұлттық қатысуды, яғни ел азаматтарының әрқайсысының жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруға атсалысуын қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.