AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы марафонына қатысушы мәреге жеткенде қайтыс...

Алматы марафонына қатысушы мәреге жеткенде қайтыс болды

Оқиға 25.09.2022, 10:26 1,184
Алматы марафонына қатысушы мәреге жеткенде қайтыс болды
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы марафонының қатысушысы, 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды. Бұл туралы марафонды ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Оқыс жағдай сағат 09.35-те орын алды. Рүстем 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, тіркелу кезінде оған 8743 нөмірі бұйырған» - деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.



Жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден құлап түскен.



«Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» еріктілері көрсетті, ары қарай жүрек-өкпе реанимациясы (тікелей емес жүрек массажы, ауа өткізгішті пайдаланып Амбу қапшығымен тыныстату, бірнеше рет дефибрилляция жасау, адреналин инъекциялары) қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты "жедел жәрдем" көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады» - Оразбек Сахов.



Марқұмның жақындарының айтуынша, ол жүгіру жарысына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Сәуір айында Алматы жартылай марафонына, 2021 жылғы Алматы марафонына да қатысып, 10 шақырым қашықтыққа жүгірген.


Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олар марқұмның денесін Астана қаласына тасымалдауға көмектесетіндерін жеткізді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы марафоны #қатысушы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);