Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы көшелерінде «Қауіпсіздік аралдары» пайда бо...

Алматы көшелерінде «Қауіпсіздік аралдары» пайда болды

Әлеумет 03.10.2023, 11:48 1,044
Алматы көшелерінде «Қауіпсіздік аралдары» пайда болды
Сурет: аlmaty-akshamy.kz

Биыл Алматыда жолдарды орташа жөндеу аясында жаяу жүргіншілерге арналған жеті «қауіпсіздік аралдары» жабдықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, олар Сейфуллин даңғылында, Жұмабаев көшесінен төмен, Абай даңғылында Абылай хан даңғылының қиылысында, сонымен қатар, Желтоқсан, Қонаев, Наурызбай батыр және Масаншы көшелерінде пайда болды. «Аралдар» «Vision Zero Almaty» іс-шарасы бойынша Алматы әкімдігінің мектептер, балалар және мектепке дейінгі мекемелер маңында жобалық кеңсесінің қолдауымен жабдықталады.


«Қауіпсіздік аралдары» - бұл жаяу жүргіншілер көлік легін күтетін және көлік иелері жылдамдықты төмендетуі керек арнайы таңбаланған жолдағы шағын аймақтар. Бұл әлемнің көптеген елінде жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін арттыру және жолдардағы ЖКО санын азайту үшін орнатылады.


Бұған қоса, жолаушылардың қауіпсіздігі және қоғамдық көліктің ыңғайлы тоқтауына, аялдамада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 4 және одан да көп жолақты жолдарда автобус пандустарын орнату үшін автобус қалталары жойылады. Бұл жұмыстар Сейфуллин даңғылында, Абай даңғылында, Сайын даңғылында жүргізілді. Әрі Алматы бойынша жолаушылардың автобустарды жайлы күтуі үшін аялдамалар тиісті жағдайға келтіріледі.



Алматы қаласының мобилділік басқармасы 2023 жылы ұзындығы 200 км болатын 230 көше орташа жөндеуден өтті, бұл ретте Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалаға кейіннен қосылған аудандардағы жаңа жолдардың құрылысына ерекше назар аударылды. Бірінші кезекте осы аудандарда инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді, содан кейін асфальт төселді. Әл-Фараби, Абай даңғылы және т.б. сияқты негізгі магистральдық көшелерде алғаш рет бірегей жабын – полимерлі асфальт қолданылды, ол төзімді, жолды пайдалану мерзімін бірнеше есе арттырады.


Алматыда ұзындығы 3 097 км болатын 2746 көше бар. Биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін Алматы қаласының әкімдігі өткен жылғы 86%-дан 89%-ға дейін, ал 2025 жылға қарай 95%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл үшін жыл сайын ұзындығы кемінде 200 км жолдарға орташа жөндеу жүргізу көзделген, басқаша айтсақ, бұл жөндеу жұмыстарының көлемі мегаполистің инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары үшін жайлылықты арттыру жөніндегі жоспарына толық сәйкес келеді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #қауіпсіздік #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.