AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппарат...

Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды

Білім және ғылым 22.10.2025, 16:12 650
Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сай техникалық бағыттағы сапалы мамандарды даярлауға ерекше назар аударылуда. Жаңа орталықтың ашылуы инновациялық технологиялар мен инженерлік білімнің тоғысында жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта орталықта «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану және бағдарламалау» жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама студенттерге дрондарды жобалау, құрастыру, басқару және техникалық қызмет көрсету саласында кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Жоба аясында колледждің әлеуметтік серіктестері ретінде Халықаралық білім беру және инновациялар орталығы мен Қытайдың Zhongke Borui Education Technology Research Institute ұйымдары қолдау көрсетуде.

«Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған және елдің инновациялық әлеуетін арттыруға үлес қосатын білім мен инновация саласындағы халықаралық тиімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі. Ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы Қазақстан бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға мүмкіндік алады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Құзыреттілік орталығы инновациялық білім беру технологияларын енгізу, студенттердің робототехника, аэротүсірілім, 3D-картография және инфрақұрылымды мониторинг саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ педагогтерді дрондарды оқыту процесінде тиімді қолдануға даярлау бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар мұнда халықаралық тренингтер, шеберлік сабақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша жарыстар ұйымдастырылып, шетелдік білім беру және технологиялық ұйымдармен серіктестік байланыстар кеңейтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұшқышсыз ұшу аппараттары #құзыреттілік орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);