AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы колледжінде «Ашық есік күні» өтті

Алматы колледжінде «Ашық есік күні» өтті

Барлығы 13.06.2025, 16:07 1,124
Алматы колледжінде «Ашық есік күні»  өтті
Сурет: автор

2025 жылғы 5 маусымда Алматы қаласындағы Алматы технология және флористика колледжінде, Ресурстық орталық алаңдарында, 9-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті.

Бұл іс-шара Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қаласындағы Алматы технология және флористика колледжі және инклюзивті білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері мен арнайы мектеп-интернаттарының шамамен 100 оқушысы қатысты. Инклюзивті білім беру бағыты бойынша білім алатын №5, №6, №1  Жанұя мектеп интернаттарынан талапкерлер оқытушылар, және ата- аналарымен бірге келді. Сонымен қатар, №76, №108, №16 мектеп гимназияларынан талапкерлеріміз қатысты.

«Ашық есік күні» бағдарламасы колледж директоры Нұрымбетов А.Қ.-ның құттықтау сөзінен басталды, ол оқу орнының миссиясы, негізгі жетістіктері мен болашақ студенттер үшін мүмкіндіктері туралы толық айтып өтті. Іс-шараға қатысушыларды сондай-ақ, арнайы білім беру және инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибесі бар Ұлттық ғылыми-практикалық орталық маманы Сейсенова А.Д. құттықтап, сөз сөйледі. Сонымен қатар, қатысушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылды: колледждің оқу аудиторияларымен, зертханаларымен және мамандандырылған кабинеттерімен танысты, студенттердің кәсіби дағдыларын және шығармашылық көзқарастарын көрсететін көркемдік жұмыстар көрмесі көрсетілді; колледж оқытушылары мен студенттері ұсынған оқу бағдарламалары мен даярлық бағыттары туралы презентациялар тыңдады; өндірістік оқыту шеберлерінің түрлі салалардағы тәжірибелік әдістері мен технологияларын көрсеткен мастер-класстарға қатысты; оқуға қабылдау және білім алу шарттары, қабылдау талаптары, қаржыландыру мүмкіндіктері мен мансаптық перспективалар туралы кеңес алды; арнайы білім алу қажеттілігі бар студенттер дайындаған мерекелік концертті тамашалады.

Іс-шара барысында инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше назар аударылды, арнайы мектеп-интернаттардың өкілдері ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін білім беру процесін бейімдеу тәжірибесімен бөлісті.Бұл іс-шара қонақтар мен үміткерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген қатысушылар оқуға қабылдау жайында қызығушылық танытып, оқу орындарына өтініштерін қалдырды. Ата-аналар студенттердің жоғары деңгейде дайындалғанын және білім беру процесінің заманауи тәсілдерін атап өтті.

«Ашық есік күні» колледждің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау үшін маңызды оқиғаға айналды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған және түрлі бағдарламамен қамтылған бұл іс-шара қонақтарға кәсіби білім алу перспективаларымен танысуға мүмкіндік берді және жаңа әлеуетті студенттерді тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ашық есік күні #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);