AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы кәсіпкерлерінің мүліктік құқықтары 10 млрд...

Алматы кәсіпкерлерінің мүліктік құқықтары 10 млрд теңгеден астам сомаға қорғалды

Әлеумет 23.12.2021, 03:43 1,446
Алматы кәсіпкерлерінің мүліктік құқықтары 10 млрд теңгеден астам сомаға қорғалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 10 млрд теңгеден асты.


Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеп, 2021 жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, биыл 546 өтініш келіп түскен, оның ішінде 236-сы бойынша консультативтік-құқықтық көмек, 310-ы бойынша проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетілген. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 10 млрд теңгеден асты.


Әдетте өтініштердің басым бөлігі салық салу мәселелері бойынша түседі, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шағымдар, Ashyq жобасы бойынша объектілерді ашу мәселелері болды.


Ең өткір мәселелер Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 10 отырысында қаралды. Сонымен қатар, айтылған мәселелер расталды, ал мемлекеттік органдар кеңес ұсыныстарымен келісті. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік органдардың 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жергілікті полиция қызметінің екі қызметкері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды.



«Біздің сарапшылар 83 азаматтық және әкімшілік істер бойынша түрлі сот инстанцияларына қатысып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады. Бизнес мүдделерін қорғаудың тағы бір мысалы республикалық және аймақтық нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізу болып табылады», - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.



Палата қызметі бағыттарының бірі әкімшілік кедергілерді жою болып табылады. Мәселен, палата осындай 31 фактіні анықтады.



«Егер жағымды кейстер туралы айтатын болсақ, палатаның Алматы қаласы бойынша МКД-ға жүгінуінің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арасында хабарламалармен алмасудың техникалық проблемасы жойылды. Осы мәселеге байланысты кәсіпкерлер қарызының жоқтығы туралы анықтама ала алмады», - деп атап өтті А. Қошмамбетов.



Сондай-ақ, құқықтық блок сарапшылары тұрақты емес жолаушылар тасымалы (туристік және балалар автобустары) саласында жұмыс істейтін 25 кәсіпкерге көмек көрсетті. Палата оларға автобус жолағында жүруге рұқсат алуға көмектесті.


Бұдан басқа, Алматы серіктестігіне көмек көрсетілді, оған аумақты және жазғы алаңды абаттандыру үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесін жалға алуды ұзартуға 4 рет рұқсат берілмеді. Кәсіпкер Жоғарғы Сотта сот дауларынан айырылды, бірақ Палата араласқаннан кейін мәселе бизнес субъектісінің пайдасына шешілді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мүлік #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);